Дүйсенбі, 16 қараша 2026
ҰЛТТЫҚ БАНК16.11.2026
USD444,30₸0,00
EUR490,91₸0,00
RUB5,41₸0,00
CNY66,59₸0,00
ШҰҒЫЛ
Білім

БЕКСҰЛТАН БАҒЫНДЫРҒАН БЕЛЕС

«Аль-Фараби атындағы мектебі» ЖШС-нің 10 «В» сыныбының оқушысы Жиенбай Бексұлтан Бекмұратұлы 21-22 қыркүйек күндерінде Шымкент қаласында өткен тірек қимыл аппараты зақымданған спортшылар арасында арбадағы биден Қазақстан Республикасының VI-спартакиадасында 1 орын иегері атанды.


Жиенбай Бексұлтан Бекмұратұлы — 2006 жылы 6 тамызда дүниеге келген. 8-9 жасынан бастап бимен айналысады, 9 жасында Астана қаласында ұйымдастырылған фестивальде 1 орын иегері атанған. Көптеген Республикалық фестивальдерге қатысып топ жара отырып, мадақтама қағаздарына қол жеткізген.