Ордабасы ауданы, Б.Оңтаев атындағы жалпы орта мектепте қашықтықтан экологиялық апталық өтті.
Тақырыбы: «Біз болашаққа жауаптымыз».
Экологиялық білім беру апталығының мақсаты:
— адамның табиғатпен байланысы туралы негізгі түсінікті қалыптастыру;
— экологиялық мәдениетті, салауатты өмір салтын қалыптастыру;
— өмірдің мәні мен экологиялық проблемаларды түсіну негізінде жеке қасиеттер ретінде моральдық және экологиялық жауапкершілікті қалыптастыру.
Іс-шараның міндеттері – табиғи ресурстарға қатысты экологиялық сананы, атап айтқанда:
— суға ұқыпты қарауға;
— ауаны ластамауға;
— жерді ластаудан қорғауға тәрбиелеу.
Мектеп оқушылары арасындағы апталық жоспарына сәйкес «Табиғатта қалдық затқа орын жоқ» тақырыбында керексіз заттардан бұйымдар жасау байқауы, «Менің сүйікті табиғат бұрышым» тақырыбында фотосуреттер байқауы ұйымдастырылды. 





