Дүйсенбі, 16 қараша 2026
ҰЛТТЫҚ БАНК16.11.2026
USD444,30₸0,00
EUR490,91₸0,00
RUB5,41₸0,00
CNY66,59₸0,00
ШҰҒЫЛ
Қылмыс/Оқиға

АҚТӨБЕДЕ ІРІ ЖАНАРМАЙ ҚҰЮ БЕКЕТТЕРІ ЖЕЛІСІНІҢ ИЕСІН АТЫП ӨЛТІРДІ

Ақтөбе қаласында ірі жанармай құю бекеттері желісінің иесі болған кәсіпкерді атып өлтірді. Қылмыс оның жеке тұрғын үйінің ауласында жасалған.

Алдын ала тараған мәліметтерге сәйкес, қайғылы оқиға таңертең болған. Оқиға орнына жақын орналасқан ұйымдардың қызметкерлері атыс дауысын естігендерін айтқан. Кейін кәсіпкердің өз үйінің ауласында оққа ұшқаны белгілі болды.

Қаза тапқан азамат өңірдегі жанармай саудасымен айналысқан, ірі жанармай құю бекеттері желісіне иелік еткен кәсіпкер болған.

Ақтөбе облысының полициясы аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Қазіргі уақытта қылмысқа қатысы бар күдіктіні анықтау және ұстау мақсатында жедел-іздестіру және тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.