Дүйсенбі, 16 қараша 2026
ҰЛТТЫҚ БАНК16.11.2026
USD444,40₸+0,10
EUR488,97₸−1,94
RUB5,39₸−0,02
CNY66,66₸+0,07
ШҰҒЫЛ

ТОҚАЕВ ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІН ҚАБЫЛДАДЫ

Кездесу барысында Президентке облыста жүзеге асырылып жатқан жобалар мен негізгі даму бағыттары таныстырылды. Атап айтқанда, инфрақұрылымды жаңғырту, инвестиция тарту, өнеркәсіп әлеуетін арттыру, инженерлік желілерді дамыту және халыққа көрсетілетін әлеуметтік қызметтердің сапасын жақсарту жөніндегі жұмыстар туралы баяндалды.

Сондай-ақ өңірдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге бағытталған бастамалар мен алдағы кезеңге жоспарланған жобалар талқыланды. Облыс басшысы Президентке жоспарланған жұмыстардың орындалу барысы мен алдағы міндеттер жөнінде ақпарат берді.