Дүйсенбі, 16 қараша 2026
ҰЛТТЫҚ БАНК16.11.2026
USD444,30₸0,00
EUR490,91₸0,00
RUB5,41₸0,00
CNY66,59₸0,00
ШҰҒЫЛ

КАНЬЕ УЭСТТІҢ АЛМАТЫДАҒЫ КОНЦЕРТІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ «ҚАЙРАТ» МАТЧЫН ТҮРКІСТАНҒА АУЫСТЫРДЫ

Енді клуб кездесудің өтетін орнын өзгерту туралы шешім қабылдады. «Қайрат» УЕФА-ға ресми түрде жүгініп, еурокубок аясындағы өз алаңындағы ойынды Түркістан Аренада өткізуге келісім алған.

Осылайша Алматыдағы Орталық стадионның 14 тамыздағы күнтізбесі босап, Канье Уэсттің концертін өткізуге мүмкіндік туғаны айтылып отыр.

Дегенмен, концерттің нақты өтетіні және ұйымдастырылуына қатысты ресми мәлімдеме әзірге жарияланған жоқ. Сондықтан әзірге бұл ақпарат ұйымдастыру жұмыстарының барысына байланысты нақтылануы мүмкін.