Без рубрики

8 ЖЫЛДА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАЛПЫ ӨҢІРЛІК ӨНІМ КӨЛЕМІ 3 ЕСЕГЕ ӨСІП, 5 ТРИЛЛИОН ТЕҢГЕГЕ ЖЕТТІ

Мемлекет басшысының қолдауымен Түркістан өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуына ерекше басымдық беріліп келеді.

Өңірге инвестиция тарту, жаңа өндіріс орындарын ашу және жұмыс орындарын көбейту бағытындағы жұмыстар Кентау қаласының дамуына да оң ықпал етуде.Соңғы сегіз жылда Түркістан облысының жалпы өңірлік өнім көлемі үш есеге өсіп, 5 триллион теңгеге жетті. 2018 жылы бұл көрсеткіш 1,7 триллион теңгені құраған болатын. Бұл – өңір экономикасының қарқынды дамып, инвестициялық белсенділіктің артқанын көрсетеді.Экономиканың жетекші саласы – өнеркәсіпте де айтарлықтай өсім байқалады. 2025 жылдың қорытындысы бойынша облыста өндірілген өнеркәсіп өнімінің көлемі 1 триллион 596,1 миллиард теңгеге жетіп, 2018 жылмен салыстырғанда 3,6 есеге артты. Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2018 жылы 438,6 миллиард теңге болған.Өңдеу өнеркәсібін дамыту және экономиканы әртараптандыру мақсатында 2026 жылы жалпы құны 34,7 миллиард теңгені құрайтын 11 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған. Жобалар нәтижесінде 703 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Биылғы алғашқы алты айда 11,2 миллиард теңгенің төрт жобасы іске қосылып, 278 жаңа жұмыс орны құрылды.Бұл үдерістен Кентау қаласы да тыс қалып отырған жоқ. Өнеркәсіптік әлеуеті қалыптасқан қалада өндіріс орындарын жаңғырту, кәсіпкерлікті қолдау және жаңа инвестициялық жобаларды тарту жұмыстарының маңызы зор. Жаңа кәсіпорындардың ашылуы Кентау тұрғындарын тұрақты жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді.Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің бақылауымен өндіріс орындарын көбейту, инвестиция тарту және экономиканы әртараптандыру жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда. Бұл ретте өндірістік инфрақұрылымды дамытуға және кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасауға басымдық берілуде.Қазіргі таңда облыс аумағында жалпы көлемі 1 931 гектарды құрайтын 21 индустриялық аймақ құрылған. Онда құны 60,8 миллиард теңге болатын 55 инвестициялық жоба іске асырылып, 3 073 жаңа жұмыс орны ашылды.Алдағы уақытта құны 96,4 миллиард теңгені құрайтын тағы 47 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Бұл 2 791 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.Кентаудың өндірістік әлеуетін тиімді пайдалану да өңір экономикасын дамытудағы маңызды бағыттардың бірі. Қалада жаңа өндірістерді орналастыру, шағын және орта бизнесті қолдау және инвестициялық жобаларды жүзеге асыру арқылы экономикалық белсенділікті арттыруға мүмкіндік бар.Биыл Өңірлік үйлестіру кеңесі жалпы құны 21,1 миллиард теңгені құрайтын, 519 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 12 инвестициялық жобаға оң қорытынды берді. Мұндай жобалардың іске асуы Түркістан облысының өндірістік әлеуетін күшейтіп, Кентау секілді өнеркәсіптік қалалардың дамуына да жаңа серпін береді.Облыста жалпы көлемі 3 603,3 гектарды құрайтын 10 субзонадан тұратын арнайы экономикалық аймақ жұмыс істейді. Оның 1 450 гектары өндірістік аймақ ретінде белгіленген. «TURAN» арнайы экономикалық аймағының өнеркәсіптік субзоналарында құны 875,3 миллиард теңге болатын 37 жоба тіркелген.Жалпы, Түркістан облысындағы инвестициялық ахуалды жақсарту, өндірісті дамыту және жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған жұмыстар Кентау қаласының да экономикалық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді. Қаланың өндірістік дәстүрін жаңа инвестициялармен ұштастыру – Кентаудың тұрақты дамуының маңызды тетігі. Алдағы уақытта да Кентау қаласы басшылығы инвестиция саласын дамытуды көздеп отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close