Сейсенбі, 17 қараша 2026
ҰЛТТЫҚ БАНК17.11.2026
USD444,40₸+0,10
EUR488,97₸−1,94
RUB5,39₸−0,02
CNY66,66₸+0,07
ШҰҒЫЛ

APPLE OPENAI-ДІ КОММЕРЦИЯЛЫҚ ҚҰПИЯЛАРДЫ ҰРЛАДЫ ДЕП СОТҚА БЕРДІ

Компанияның мәлімдеуінше, OpenAI Apple қызметкерлерін өз қатарына тарту арқылы әлі ресми таныстырылмаған технологиялар, өндірістік процестер мен болашақ өнімдерге қатысты құпия ақпаратқа қол жеткізген.

Apple бұл әрекет кездейсоқ емес екенін айтып, қызметкерлерді тарту саясаты компанияның әртүрлі деңгейдегі мамандарын, соның ішінде аппараттық қамтамасыз ету бөлімінің жетекшілерін де қамтығанын алға тартты.

Компанияның пікірінше, мұндай әрекеттер зияткерлік меншік құқықтарын бұзып, адал бәсекелестік қағидаттарына қайшы келеді. Қазіргі уақытта іс сот қарауына берілген.