Әйелдің айтуынша, арадағы түсініспеушілік шешімін тауып, қазір ерлі-зайыпты мәмілеге келген. Осыған байланысты ол құқық қорғау органдарынан күйеуіне қатысты ешқандай шара қолданбауды сұрап, бұған дейінгі мәлімдемесіне байланысты түсініктеме берген.
Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желілерде әйелдің Теміртас Жүсіпов өзін ұрып-соқты деген мәлімдемесі кеңінен таралып, оқиға қоғамда қызу талқыланған болатын.



