Дүйсенбі, 16 қараша 2026
ҰЛТТЫҚ БАНК16.11.2026
USD444,30₸0,00
EUR490,91₸0,00
RUB5,41₸0,00
CNY66,59₸0,00
ШҰҒЫЛ

ШЫМКЕНТТЕ 35 МЫҢ ХАЛҚЫ БАР ЕКІ ШАҒЫН АУДАН САПАЛЫ ИНТЕРНЕТПЕН ҚАМТЫЛДЫ

Соның бірі Қаратау ауданына қарасты 4 мыңнан астам үйі бар Ақжайық шағынауданы. Бүгінгі күні, «i-LinkNet» мекемесі шағынауданға талшықты оптика желісін толық жүргізді. Төрт мыңға жуық үйге 400 шақырымдық абоненттік кабель тартты. Ондағы өтініш қалдырған 500-ден астам отбасы жоғарғы жылдамдықты сапалы интернетке қол жеткізді.

Сонымен қатар, компания Достық шағынауданына да талшықты оптика желісін тартты. 2500-ге жуық үйге талшықты оптика желісі және 200 шақырымды қамтитын абоненттік кабель жүргізілді. Аталған шағынауданның өтініш білдірген алғашқы 100 үйге интернет желісі қосылып, тұрғындардан қосымша өтініштер қабылдану үстінде.

Тұрғындар тарапынан кеңжолақты интернет желісіне қосылуға нақты өтінімдер берілген жағдайда, компания тарапы шағынауданды толыққанды талшықты оптика желісімен қамтамасыз етпек. Алдағы уақытта «i-LinkNet» компаниясы Асар, Самал-3 және Нұртас шағынаудандарын талшықты оптика желісімен қамтитын болады.