«DENSAULYQ» Денсаулық сақтау ұйымдары жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің сұранысы бойынша Денсаулық сақтау саласына қатысты мекемелермен Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Бауыржан Қалжанов ZOOM – арқылы семинар-кеңес өткізді.
Семинарда еңбек заңнамасына енгізілген өзгерістер, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, денсаулық саласының қызметкерлерінің жалақысын есептеудің ерекшеліктері, COVID-19 инфекциясына қарсы вакцинациялау, ұжымдық және еңбек шарттарын жасасудың маңыздылығы, өндірістік жарақаттану, кәсіби аурушаңдықтан сақталу, қауіпті жағдайларды алдын ала ескерту туралы түсіндірме берілді.



