Дүйсенбі, 16 қараша 2026
ҰЛТТЫҚ БАНК16.11.2026
USD444,30₸0,00
EUR490,91₸0,00
RUB5,41₸0,00
CNY66,59₸0,00
ШҰҒЫЛ
Білім

БАЛҒЫНДАР АЙТЫСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты Қ.Сыпатаев атындағы 7 ІТ мектеп-лицейінде Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында «ЖҰЛДЫЗДЫ 30 КҮН» мерекелік іс-шаралар жоспары аясында бастауыш сынып мұғалімі Асимова Анар Нурсалибидиновнаның ұйытқы болуымен «Тарихы терең- Тәуелсіздік» атты балғындар айтысы өтті. Оған 4 сынып оқушылары қатысты.

Түркістан облыстық Ы.Алтынсарин атындағы балалар кітапханасында болған іс-шараға оқушылар белсене атсалысты. Орта және жоғары мектеп жасындағы балаларға қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысылары Наханова Талиға , Қаныбек Ғазиза іс-шараға қолдау көрсетіп, балалардың айтыс өнеріне деген құлшынысын арттыруына талантын шыңдайтын өнер жарысы болғанын үлкен қуанышын жеткізді.