Сейсенбі, 17 қараша 2026
ҰЛТТЫҚ БАНК17.11.2026
USD444,40₸+0,10
EUR488,97₸−1,94
RUB5,39₸−0,02
CNY66,66₸+0,07
ШҰҒЫЛ

ПРОКУРОР СҰЛТАН СӘРСЕМӘЛИЕВКЕ ӨМІР БОЙЫНА БАС БОСТАНДЫҒЫНАН АЙЫРУ ЖАЗАСЫН СҰРАДЫ

Мемлекеттік айыптаушы соттан айыпталушы Сұлтан Сәрсемәлиевке ең қатаң жаза – өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрады.

Тергеу нұсқасына сәйкес, Сәрсемәлиевке екі немесе одан да көп адамды аса қатыгездікпен, пайдакүнемдік мақсатта және ауырлататын мән-жайлармен өлтірді деген айып тағылған.

Сонымен қатар оған басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша айыптар қаралған. Мемлекеттік айыптаушы:

—  аса ірі көлемдегі ұрлық үшін – 6 жыл;

—  алаяқтық үшін – 6 жыл;

—  мал ұрлығы үшін – 4 жыл;

—  құжаттарды заңсыз алып қою, жою және жасыру фактісі бойынша 60 АЕК көлемінде айыппұл тағайындауды сұрады.

Сот үкімі әзірге жарияланған жоқ.