Прокуратураның мәліметінше, оның бұрынғы күйеуі Сұлтан Сәрсемалиевтің қылмысын жасырғанын дәлелдейтін жеткілікті айғақтар анықталмаған. Осыған байланысты оған қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылды.
Еске салсақ, ерлі-зайыптылар Индонезияның Ломбок аралында ұсталып, бастапқыда екеуіне де «Адам өлтіру» бабы бойынша айып тағылған болатын. Кейін Ақбаян Мұқанғалиеваға қатысты бұл айып қылмыс құрамы болмағандықтан алынып тасталды.
Сонымен қатар сот-психологиялық-психиатриялық сараптаманың қорытындысына сәйкес, оған қосымша бақылау мен ем қажет деп танылып, қазіргі уақытта тиісті ем қабылдап жатыр.



