Дүйсенбі, 16 қараша 2026
ҰЛТТЫҚ БАНК16.11.2026
USD444,30₸0,00
EUR490,91₸0,00
RUB5,41₸0,00
CNY66,59₸0,00
ШҰҒЫЛ
Білім

ҚАСҚЫР МЕН ЕГІНШІ

Қасқырдың мүшкіл халін көрген егінші оны қапқа салып алып, арқалап жүре береді. Кешікпей, мылтық, қылыштарын жарқылдатып аңшылар жетеді. Қашып бара жатқан қасқыр көрмедің бе? – деп сұрайды олар. Жаңа бір қасқыр анау шоқыдан әрі асып кетті, тезірек ұстаңдар,- дейді. Аңшылар ұзаған соң егінші қаптың аузын шешіп, қасқырға «жөніңе бар, кейін маған бір жақсылық етерсің» дейді. Қасқыр қуанып секіріп шығып, егіншіге: Мен сені жеймін, қарным аш, — деп тап береді. Егінші байғұс сасқалақтап: Әй, қасқыр, мұның қалай, мен сені өлімнен құтқардым ғой? Жақсылыққа жамандық ете ме екен? Олай болса төрелігін біреуден сұрайық, қайсымыздікі жөн екен,- дейді. Екеуі керісіп тұрғанда бір жақтан қаңғалақтап түлкі келеді. Бұлар түлкіге оқиғаны бастан-аяқ айтып береді. Түлкі: Жоқ сөзді айтпаңдар, менен басқа біреу естісе күліп жүрер. Дорбаға үлкен қасқыр сыйды дегенге нанбаймын, барып тұрған өтірік,- дейді. Қасқыр мен егінші «бұл рас» деп керісіп болмайды. Түлкі қасқырға: Қапқа кіріп көрсетпесең, сенбеймін,- дейді. Қасқыр оны сендірмекші болып қапқа кіргенде, түлкі егіншіге: Байла қаптың аузын, енді қимылдайтын кезің келді. Күзде егінді қалай орып жүрсің? Кәне, көрсетші маған, — дейді. Егінші құралын алып, қасқырды ұра бастайды. Біраздан соң түлкі: Егінші, енді қаптың аузын аш, — дейді. Сонда қасекең атып шығып, алды-артына қарамай зыта жөнеледі. Артынан түлкі:Көптен бері тапқан бір әдісім еді, — деп сақ-сақ күліпті. Сөйтіп, егінші байғұс түлкінің айласымен ажалдан құтылыпты.