
Онлайн режимде өткен әдістемелік сағатта — мұғалімдер ғылыми мақаланың, эссенің, әдістемелік құралдың құрылымы мен рәсімдеу ережелерімен танысты. Сондай-ақ, олар әдістемелік әзірлемелердің түрлерін ажырата білді, «құрастырушы», «құрастырушы-автор», «автор» ұғымдарымен танысты.
Айта кетейік, әдіскердің басты функцияларының бірі — мұғалімдерге олардың қызметінің әртүрлі бағыттары бойынша әдістемелік көмек көрсету болып табылады.



