Дүйсенбі, 16 қараша 2026
ҰЛТТЫҚ БАНК16.11.2026
USD444,30₸0,00
EUR490,91₸0,00
RUB5,41₸0,00
CNY66,59₸0,00
ШҰҒЫЛ
#Жастар

АИТВ/ЖИТС-ТІҢ АЛДЫН АЛУ МАҚСАТЫНДА СЕМИНАР-ТРЕНИНИГ ӨТТІ

Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастары ресурстық орталығы» КММ-нің Еңбекші ауданы мамандарының ұйымдастыруымен АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу мақсатында семинар-тренинг өткізілді.

Семинар-тренинқа «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығының» маманы Назира Жүргенбаева және «Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжі» студенттері қатысты.

Тренинг барысында «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығының» маманы Назира Жургенбаева өз баяндамасында жастарға АИТВ/ЖИТС-тің әлемдегі, республикадағы, облыстағы және аудандағы індеттік ахуалы, эпидемиологиясы, алдын алу шаралары жөнінде ақпараттар беріп өтті. Сондай ақ, шағын топтармен жұмыс жасап, талдау сұрақтары арқылы АИТВ/ЖИТС жөнінде білім деңгейлері тексеріліп, әр түрлі ойындар арқылы жастарға бұл індеттен аулақ болуы жайында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.