Съезд барысында партия Құрылтай сайлауына ұсынылатын үміткерлер тізімін жариялады. Тізімге барлығы 53 кандидат енген.
Олардың ішінде 41 ер адам және 12 әйел бар. Сонымен қатар үміткерлер қатарында 6 жас өкіл мен 2 мүмкіндігі шектеулі азамат қамтылған.
Партия өкілдерінің айтуынша, кандидаттар еліміздің түрлі өңірлері мен әртүрлі сала өкілдерінен жасақталған.



