Сәрсенбі, 18 қараша 2026
ҰЛТТЫҚ БАНК18.11.2026
USD443,96₸−0,44
EUR487,73₸−1,24
RUB5,38₸−0,01
CNY66,60₸−0,06
ШҰҒЫЛ

АҚТАУ ӘУЕЖАЙЫНДА ШЕТЕЛДІК АЗАМАТТЫҢ АСҚАЗАНЫНАН 114 КАПСУЛА ОПИЙ ТАБЫЛДЫ!

Ақтау халықаралық әуежайында ірі көлемдегі есірткі тасымалының жолы кесілді. Шетел азаматы есірткіні ерекше тәсілмен жасырып, Қазақстан аумағына алып өтпек болған.

Құзырлы органдардың мәліметінше, күдікті азамат тексеру барысында ұсталған. Арнайы медициналық тексеру кезінде оның асқазанынан есірткі салынған 114 капсула табылды. Тәркіленген заттың жалпы салмағы шамамен 1 келі опий екені анықталған. Алдын ала мәлімет бойынша, есірткі капсулалары жұту арқылы тасымалданған. Мұндай тәсіл адам өміріне де аса қауіпті екені айтылуда. Қазіргі таңда аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Құқық қорғау органдары есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күшейтілгенін атап өтті.