Дүйсенбі, 16 қараша 2026
ҰЛТТЫҚ БАНК16.11.2026
USD444,30₸0,00
EUR490,91₸0,00
RUB5,41₸0,00
CNY66,59₸0,00
ШҰҒЫЛ
Спорт/Шоу-Биз

«SHYMKENT MARATHON 2021» МАРАФОНЫ ӨТЕДІ

Шымкент қаласында «Shymkent Marathon 2021» атты жылдың ең ірі спорттық іс-шарасы өтеді. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылған дәстүрлі марафон шаhарда осымен бесінші жыл ұйымдастырылуда.
10 қазанда өтетін марафонның жүлде қоры 7 млн теңгені құрайды.

Марафонға қатысуға әлемнің түкпір-түкпірінен әуесқойлар мен спорт сүйер қауым қызығушылық танытуда.
Қатысушылар қатарына қосылу үшін shymkent-marathon.kz, royalfitness.kz сайты арқылы тіркелуге болады. Аталған спорттық іс-шараны «Royal», «Kasiet» фитнес клубтары, «Evrika» сауда үйі және Шымкент қаласының әкімдігі бірлесе ұйымдастырып отыр.

ТІРКЕЛУ АШЫҚ! СТАРТ – 10 ҚАЗАН!

«Shymkent Marathon 2021» марафонын жіберіп алмаңыз. Саламатты өмір салтын қалыптастыруда белсенді болуға шақырамыз.
Толығырақ ақпарат алу үшін +7 701 311 4114 нөміріне хабарласыңыз.