Мектеп оқушыларына біліммен қоса тағылымды тәрбие берілуі ләзім. Көрсем, үйренсем, білсем деген жастардың келешегі зор. Мұндай жағдайда аға буын өкілдері үлкен рөл ойнайды. Жастарға білген-түйгенін, ақыл-кеңестерін айтып отырады. Оқушылар олардан естігендерін ой елегінен өткізіп, өз өмірлерінде қолдануы керек.
- Түркістан облысы, Ордабасы ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес мектеп бітіруші түлектерге кәсіби бағыт-бағдар беру мақсатында білім беру ұйымдарының педагог-психологтары «Ордабасы оттары» газетінің ұжымымен кездесу өткізді. Сондай-ақ, ондағы мамандардың жұмысымен танысты.
Газеттің редакторы Н.Шәмшіұлы мен тілші Ж.Оңғарбайқызы журналистиканың қызығы мен қиындықтары туралы, мамандық таңдау жайында сөз етті. Оқушылардың қойған сауалдарына жауап берді.






