Пайдаланушылық келісім
Пайдаланушылық келісім
Соңғы жаңартылған күні: 17.09.2026
1. Жалпы ережелер
1.1. Осы Пайдаланушылық келісім (бұдан әрі — «Келісім») Shyndyqlive.kz интернет-порталын (бұдан әрі — «Сайт») пайдалану тәртібін реттейді.
1.2. Сайттың меншік иесі: «Мейірімді Сана» мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігі (бұдан әрі — «Әкімшілік», «Біз»).
Мекен-жайы: Түркістан қаласы, Жаңа қала ш/а 18 Байланыс телефоны: +7 747 907 4030 Шеф-редактор: Индира Алиакбарова
1.3. Сайтты пайдалана бастау арқылы пайдаланушы (бұдан әрі — «Пайдаланушы», «Сіз») осы Келісімнің барлық шарттарымен келісетінін растайды. Егер Сіз Келісім шарттарымен келіспесеңіз, Сайтты пайдалануды тоқтатуыңыз қажет.
2. Сайттың мақсаты мен қызметі
2.1. Сайт Қазақстан Республикасы мен әлем бойынша жаңалықтарды, талдамалық материалдарды және басқа да ақпараттық мазмұнды тегін негізде таратады.
2.2. Әкімшілік материалдарды жариялау, өзгерту, жаңарту немесе алып тастау құқығын өзінде қалдырады.
3. Пайдаланушының құқықтары мен міндеттері
3.1. Пайдаланушы:
- Сайт материалдарын жеке, коммерциялық емес мақсатта пайдалануға;
- Материалдарды дереккөзге сілтеме жасай отырып таратуға;
- Пікір қалдыру функциясы қолжетімді болған жағдайда, өз пікірін білдіруге құқылы.
3.2. Пайдаланушыға тыйым салынады:
- Заңсыз, экстремистік, боищаушылықты насихаттайтын, өтірік ақпарат тарататын мазмұн орналастыруға;
- Үшінші тұлғалардың құқықтарын (авторлық құқық, ар-намыс, іскерлік репутация) бұзатын әрекеттер жасауға;
- Сайттың жұмысына кедергі келтіретін техникалық әрекеттер (хакерлік шабуыл, вирус тарату және т.б.) жасауға;
- Сайт мазмұнын Әкімшіліктің жазбаша келісімінсіз коммерциялық мақсатта қайта басып шығаруға немесе таратуға.
4. Авторлық құқық
4.1. Сайттағы барлық материалдар (мәтіндер, фотосуреттер, бейнелер, логотиптер, дизайн элементтері) Әкімшілікке немесе тиісті авторлық құқық иелеріне тиесілі және Қазақстан Республикасының авторлық құқық заңнамасымен қорғалады.
4.2. Материалдарды толық немесе ішінара көшіру, тарату тек дереккөзге белсенді сілтеме жасалған жағдайда ғана рұқсат етіледі, заң талап еткен жағдайларды қоспағанда.
5. Жауапкершілікті шектеу
5.1. Әкімшілік Сайт материалдарын жариялау кезінде ақпараттың дәлдігі мен толықтығына мүмкіндігінше ұмтылады, дегенмен үшінші тарап дереккөздерінен алынған ақпараттың толық дәлдігіне кепілдік бере алмайды.
5.2. Әкімшілік Сайтты пайдалану нәтижесінде туындауы мүмкін тікелей немесе жанама залал үшін жауапкершілік көтермейді.
5.3. Сайт техникалық ақаулар, профилактикалық жұмыстар салдарынан уақытша қолжетімсіз болуы мүмкін.
6. Cookie файлдары мен аналитика
6.1. Сайт жұмысын жақсарту және статистика жинау мақсатында cookie файлдарын және ұқсас технологияларды пайдаланады. Толығырақ ақпаратты «Деректерді құпия сақтау саясаты» құжатынан оқи аласыз.
7. Пікірлер мен қолданушы контенті
7.1. Пікір/комментарий қалдыру функциясы қолжетімді болған жағдайда, Пайдаланушы қалдырған мазмұнға өзі жауапты болады.
7.2. Әкімшілік заңсыз, балағат сөзі бар, тақырыпқа сай келмейтін немесе спам сипатындағы пікірлерді ескертусіз жоюға құқылы.
8. Келісімге өзгерістер енгізу
8.1. Әкімшілік осы Келісімнің шарттарын бір жақты тәртіппен өзгертуге құқылы. Өзгерістер Сайтта жарияланған сәттен бастап күшіне енеді.
8.2. Сайтты өзгерістер жарияланғаннан кейін пайдалануды жалғастыру — Пайдаланушының жаңа шарттармен келісетінін білдіреді.
9. Дауларды шешу тәртібі
9.1. Осы Келісімге байланысты туындаған даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, алдымен келіссөздер арқылы, ал реттелмеген жағдайда — сот тәртібімен шешіледі.
10. Байланыс ақпараты
Сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңыз болса, бізбен байланысыңыз:
- Мекен-жайы: Түркістан қаласы, Жаңа қала ш/а 18
- Телефон: +7 747 907 4030